SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облысында отбасы ішіндегі жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Жітіқара қаласында 15 жастағы жасөспірім анасын қорғауға тырысып, көз жұмды.

Полиция мәліметінше, оқиға 25 сәуір күні болған. Ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал кезінде 37 жастағы әйел пышақ жарақатын алған. Сол сәтте оның бұрынғы некеден туған ұлы анасына араша түскен. Алайда жасөспірім алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде әйелдің күйеуі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!