Шығыс Қазақстан облысында Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы KAZMinerals жазды, деп хабарлайды «Адырна«.
«Учаскедегі барлық жұмыс тоқтатылды, тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Оқиға 30 мамыр сағат 20:30 шамасында «Шығыстүстімет» ЖШС-ның Артемьев шахтасында тау массасы опырылуы салдарынан болған.
Компания марқұмның отбасына қажетті көмек пен қолдау көрсететінін мәлімдеді.
Оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін тергеу басталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!