Өңірде өткен жылы облыстық прокуратура 64 тексеріс жүргізіп, 204 заңбұзушылық анықтады. Нәтижесінде 195 мың адамның құқығы қорғалды.

Ал 933 адам тәртіптік және әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс прокурорының орынбасары Нұрлан Ерманов мәлімдеді. Мемлекеттік бағдарлама арқылы жұмысқа жалған орналасудың 495 дерегі анықталып, 40 адам тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Нәтижесінде 101 адам жұмысқа тұрды.- Өткен жылы сотқа прокурордың қатысуымен 823 азаматтық, 5367 әкімшілік іс қаралды. Мұнан өзге, прокурордың өтініш хатына сәйкес 97 жеке қаулы қабылданса, жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін шешу мақсатында 29 қадағалау актісі енгізіліп, 31 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – деді Нұрлан Ермекбайұлы.