Фото: Абай облысы әкімдігі
Абай облысында екі жаңа басқарма құрылып, олардың басшылары тағайындалды, –деп хабарлайды KAZINFORM.
Облыстық Су ресурстары және ирригация басқармасы басшысының міндетін Асхат Смаилов атқарады.
Асхат Смаилов 1968 жылы 1 наурызда Семей облысы Ақсуат ауданы Қызыл-Кесік ауылында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Ақсуат аудандық қаржы бөліміне кірістердің түсуін болжау және экономикалық талдау бойынша аға экономист ретінде бастады. 1994-1997 жылдары Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің салықтарды болжау бөлімінің меңгерушісі, қаржы бөлімінің меңгерушісі болған.
1997-2002 жылдары Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2002-2005 жылдары Тарбағатай аудандық экономика бөлімінің басшысы. 2005-2007 жылдары Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары.
2009-2010 жылдары Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы болды. 2010-2018 жылдары қайтадан Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.
Осы лауазымға тағайындалар бұрын Абай облысының қаржы басқармасының басшысы болды.
Абай облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Қуаныш Әбілдаев тағайындалды.
Қуаныш Әбілдаев 1989 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол 2011 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы, ал 2014 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы Қызылорда облысы Сырдария аудандық сотында жетекші маман ретінде бастаған. 2009 жылы Қызылорда облысы Жалағаш аудандық сотында бас маманы, 2011-2016 жылдары Қызылорда облысының сот актілерін орындау департаментінде мемлекеттік сот орындаушы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасында консультант, консультант-инспектор қызметтерін атқарды.
Сондай-ақ Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!