Жасы жүзге таяған жапондық әйел Фудзи тауын бағындырмақ болды. 99 жастағы кейуананың батыл қадамы ел назарын аударды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі SoraNews24 порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Кейуана табиғат аясындағы белсенді демалысты ұнатқан.Екі әйел түнді таудағы шағын қонақүйде өткізіп, таңертең жолды жалғастыруды жоспарлаған. Алайда Фудзи тауына көтерілу кезінде ол құлап қалған. Бірақ құлағаннан кейін 99 жастағы әйелдің белі мен жамбасы қатты ауырып, әрі қарай жүре алмаған.

17 шілде күні таңертең Сидзуока префектурасының полициясы Фудзи тауының баурайында жүрген егде жастағы әйелден көмек сұраған қоңырау алған. Әйел өзінің 99 жастағы құрбысымен бірге әйгілі жанартауға көтеріліп бара жатқанын, алайда көмек қажет екенін айтқан.

Оқиға орнына құтқарушылар жіберіліп, олар 99 жастағы турист пен оның құрбысын аман-есен тапты. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!