Фото: ©KBF
28 тамыз күні Астанада Халықаралық бокс күніне арналған IBA Nomad бокс кеші өтеді, – деп хабарлайды INFORMSPORT.
Ұйымдастырушылар турнирге қатысатын алғашқы спортшылардың есімдерін жариялады. Жанкүйерлер алдында UFC ұйымының бұрынғы жауынгері Жалғас Жұмағұлов, әлемдік жарыстардың жүлдегерлері Сәкен Бибосынов пен Санжар Ташкенбай, сондай-ақ Алмаз Нұрғали және Айдос Жаппарбергенов шаршы алаңға шығады. Олардың қарсыластары кейінірек белгілі болады.
Турнирдегі барлық жекпе-жектер кәсіби бокс және MMA қолғаптарымен өтетін бокс ережесі бойынша ұйымдастырылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!