Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Ауа райын бақылаушылардың мәліметінше, Қазақстан бойынша 16-18 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Деректерге сай ел аймақтарында аяз беті қайтады.

Осы аптада Қазақстанның бірнеше аймағында аязды ауа райы сақталған еді. Алдағы күндері антициклон солтүстік-шығысқа қарай жылжып, осыған байланысты аяз басылады. Солтүстік Атлантикада пайда болған циклон жырасы республиканың батысынан жылжи бастайды. Сол себептен жауын-шашын мен қардың жаууы болжанып отыр. Салдарынан бұрқасын, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Циклон кейін басқа аймақтарға да жылжиды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!