Талғарда мас ер адам автобусты ұрлап кетіп, жол апатына ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Кадрлардан мас ер адамның автобусқа отырып алдымен аялдамаға, артынша тұрақта тұрған автокөлікке соқтығысқанын көруге болады. 

Куәгерлердің айтуынша, оқиға қоғамдық көлік жүргізушісі автобусты тастап, дәретханаға кеткен кезде болған. 

Ер адам көп ұзамай қолға түсті. Ер адамның өзі автобус жүргізушісі болып жұмыс істейтінін, құқық бұзушылықты демалыс күні жасағанын айтады.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда автобус жаяу жүргіншілерді қағып кетіп, үш адам қаза тапқаны туралы жазған болатынбыз. Полиция мәліметінше, 47-бағыттағы автобустың жолаушысы жүргізуші әйелді ұрған, жүргізуші есінен танып, көлікті басқара алмай қалған. Басқарудан шығып кеткен автобус аялдама маңындағы бір топ адамды қағып, сонымен қатар төрт көлікпен соқтығысқан.  Кейіннен  автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!