Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

FlyArystan әуе компаниясы Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты Ақтау — Дубай — Ақтау бағыты бойынша рейстерді орындауды уақытша тоқтату мерзімін ұзартты, – деп хабарлайды KAZINFORM.

Компанияның мәліметінше, бұл бағыттағы рейстер 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін қоса алғанда орындалмайды.

Бұған дейін рейстердің 29 тамызға дейін тоқтатылғаны хабарланған еді.

Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билеттердің толық құнын айыппұлсыз қайтару мүмкіндігі беріледі. Қаражат билетті сатып алған орын бойынша қайтарылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!