13 қаңтарға қараған түні Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Бегімбет (Айшуақ) ауылында 9-сынып оқушысының денесі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 жастағы оқушы қыздың мәйіті өзі тұратын үйдің ауласындағы қорада асылып қалған күйде табылды.

Бұл дерек бойынша «суицидке жеткізу» Қылмыстық кодекстің 105-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осы оқиғаның себептерін анықтау мақсатында тергеу жүргізіліп жатыр.

Ауыл әкімі Оралбек Әбшанов мұғалімдер мен психолог бұрын қыздан ешқандай өзгеріс байқамағанын айтты. Анасы да отбасында жанжал болмағанын айтты.

«Қонақтарды түнгі он екіде шығарып салған соң, анасы қызын іздеп, ауладан тауып алды», – деді әкім gorod_aktobe Instagram-парақшасында.

Ақтөбе облыстық білім басқармасының орынбасары Нұргүл Бертілеуованың айтуынша, 2007 жылы туған оқушы қыз өзіне қол жұмсау туралы хат қалдырмаған.

«Ол ауқатты отбасында тәрбиеленген, оқу үлгерімі жақсы. Оның неліктен өз-өзіне қол жұмсағаны белгісіз», – деді Бертілеуова

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!