Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Qarmet компаниясының жаңа логотипі әзірленді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Qarmet компаниясы жаңа логотипті ұсынды. Жаңа логотиптің эскиздері акционерлік қоғамның ресми Telegram-каналында ұсынылған. Олар ақ және қою көк фонда, күн сәулесі астында Qarmet жазуын бейнелейді.

«Qarmet» деген жазу – бұл кәсіпорынға қайтарылған тарихи атауы. Логотип таудың үстінен шыққан күн түрінде жасалған. Тау Теміртау қаласын көрсетсе, атқан таң – «жаңғыруды» білдіреді.

Компанияның жаңа басшылығы комбинаттың даңқын, металлургтер мен кеншілер мәртебесін, қоршаған ортаны қалпына келтіру ұранымен жұмысқа кірісті», – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!