Фото: stan.kz

Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ 17 жолаушылар пойызы кешігіп, алтауының қозғалысы тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

  • сағат 03 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 17.12.23 Семей станциясынан пойыз сағат 00:30-да 11 сағатқа кешігіп кетеді;
  • №386 Бішкек-Новосибирск пойызы 10 сағат 04 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 17.12.23 Новосибирск станциясынан пойыз сағат 16:00-де 6 сағатқа кешігіп кетеді;
  • №21 Қызылорда-Семей пойызы 9 сағат 53 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 17.12.23 Семей станциясынан пойыз сағат 23:00-де 9 сағатқа кешігіп кетеді;
  • №12 Шымкент-Алматы пойызы 14 сағат 51 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 16.12.23 ж. Алматы 2 станциясынан пойыз сағат 23:20-да 4 сағатқа кешігіп кетеді;
  • № 26 Шымкент-Алматы пойызы 12 сағат 25 минутқа кешіктіріледі, кері бағытта 17.12.23 ж. Алматы 2 станциясынан пойыз сағат 01:00-де 2 сағатқа кешігіп кетеді.

Ал мына жолаушылар пойыздарының қызметі уақытша тоқтатылды:

  • №10 Нұр-Сұлтан-1 – Алматы-2 15 желтоқсанда Нұр-Сұлтан-1 станциясынан 1 күнге жөнелту арқылы;
  • № 9 Алматы 2-Нұр-Сұлтан 1 15 желтоқсанда Алматы-2 станциясынан 1 күнге жөнелту арқылы;
  • №29/30 Атырау-Алматы-1;
  • № 3 Алматы-2 – Нұр-Сұлтан Нұрлыжол;
  • № 505/506 Алматы 2 – Жезқазған.

Сондай-ақ №34/33 Ақтөбе Алматы-1 жедел пойызының Ақтөбеден 17 желтоқсанда жөнелтілуімен Алматыға-1 18 желтоқсанда, Алматыдан-1 18 желтоқсанда, Ақтөбеге 20 желтоқсандағы рейсі тоқтатылады.

«Жолаушылар 1433 нөмірі және ktzh_pp_bot бот жеделхаттары арқылы жолаушылар пойыздарының кешігуі және тоқтатылуы туралы ақпарат ала алады», – деп хабарлады компания.

Бұған дейін Жамбыл облысында ауа райына байланысты төтенше жағдай жарияланғаны айтылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!