«Қазгидромет» РМК 25-27 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Арктикалық антициклон республиканың басым бөлігінде ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкеледі.

Еліміздің кей жерлерінде қар жауады, республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында қалың қар жауады, батысында, 27 ақпанда оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі, жел күшейіп, қарлы боран болады деп күтілуде.