фото: muftiyat.kz
Жамбыл облысында «Танта баба» мешітінің имамы зейнеткерден қомақты қаражат алып, қайтармай кеткен, деп хабарлайды Halyq Uni.
Әлеуметтік желіде имамның зейнеткерді қажылыққа жіберуге уәде беріп, алдын ала алған 3 мың долларын қайтармай қойғаны туралы ақпарат тарады. Осылайша, ол зейнеткерді қажылық сапарға жібермеген.
Orda.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасына, прокуратураға және ҚМДБ-ның облыстық филиалына түсінік беру туралы хат жазған.
Прокуратураның мәліметінше, бұл іс бойынша арыз жазылып, ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Ал ҚМДБ-ның облыс бойынша өкілі ақсақалдан және оның туыстарынан кешірім сұрады.
21 қарашада имамның қаражатты толық көлемде қайтарғаны белгілі болды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!