Ақша жоғалтқаның − ештеңе жоғалтпағаның. Уақыт жоғалтқаның − көп нәрсе жоғалтқаның. Денсаулық жоғалтқаның − бәрін жоғалтқаның деген халық даналығы біздің өміріміздің басты ұстанымы болса керек-ті.

Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі − адам денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасына зиянды әрекеттер жатады. Осы жағдайлар ішіндегі бізге түсінбеушілік тудырып отырғаны, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер. Айта кетер болсақ, шылым шегу, ішімдік, есірткі (нашақорлыққа салыну), т.б. Бұл − біздің өміріміздің тауқыметі.

  Есірткі − бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Оның негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана және т.б. жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасын бұзады.

Біздің елімізде ресми түрде 48 мыңға жуық нашақор наркологиялық диспансерде тұрса, ал тіркелмегендер саны одан әлдеқайда көп. Әр қалада нашақорлықтан емделетін диспансерлік орталықтардың жұмыс істеуі де содан.

Мен осы тақырып аясында ізденіс жасап жүріп, отбасымдағы адамдардың пікірін білуге асықтым. Турасын айтқанда, әкемнің айтуынша, бұл − өлімге апаратын бірден-бір жол. Анам үшін нашақорлық дерті − қоғам үшін айықпас қасірет.

Мен және менің отбасым барлық адамзат баласын қауіпті әдеттен аулақ болуға шақырамыз.

Шұғыла Қазбекқызы,

№247 жалпы орта мектептің

9 сынып оқушысы

Жанақорған ауданы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!