Үндеу

Добавить запись

Құрметті достар, қадірлі замандастар!

Әрбіріміз болашақты жарқын сәттермен толтыруды армандайтынымыз анық. Жақын дос, жақсы ортада өсу де көбіміздің көңіліміздегі арман-мақсаттың бірі. Алайда ғасыр дертіне айналған есірткі бұл арманның тамырына балта шабуы ықтимал. Сол үшін жас достарға үндеу жолдап, нашақорлықтан аулақ болуға шақырғым келеді.

Бәрімізге ортақ құндылық – қоғам саулығы. Сол себепті есірткіге «жоқ!» деп айуға дағдыланып, қоғам дамуына бағдар беру жөн. Нашақорлықтан аулақ болу арқылы достармен қарым-қатынасымызды бекемдеп, отбасымыздың кемел болашағын қамтамасыз етеміз. Осылайша әлемді өзгертуге қадам жасауға болады.

Орайы келгенде замандастарды білім-ғылымға талпынуға, бұқаралық спортты дамытуға шақырамын. Алға мақсат қойып, оған жетудің қыр-сырын меңгеру, жетістікке ұмтылу уақытты босқа кетірмеуге ықпал етеді. Ал бос уақытын тиімді пайдаланған жас зиянды әрекеттен, әсіресе есірткіден аулақ болары сөзсіз.

Әрбіріміз – өз өміріміздің егесіміз. Тағдырдың қай тарапқа бұрылары, қандай шешім қабылдауымыз тек өзімізге байланысты. Сондықтан өмірімізге селсоқ қарамай, дұрыс таңдау жасауға ұмтылайық, достар!

Нұрислам Бекболұлы,

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылындағы

М.Шоқай атындағы №41 орта мектебінің 7 сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!