Әкешім ‒ мақтанышым, менің алтын қазығым. Мен әкемді жақсы көремін. Әкем мен үшін ең асыл, дара тұлға. Мен өзімнің әкеммен мақтанамын. Өйткені менің әкемдей әке кемде-кем шығар бұл дүниеде. Мен ‒ әкемнің мақтанышымын. Әкем маған әркез “қызым, сен менің ең асыл, баға жетпес байлығымсың” деп отырады. Сондықтан да әке сөзін жерде қалдырмай ақылды, сабақта озат болуға талпынамын.

Мен ‒ озат оқушымын. Сыныпта ең белсенді баламын. Әкемнің сеніммімен алға жылжып, тек алда болу басты мақсатым деп санаймын. Әрбір бала әке тәрбиесімен сусындап өседі. Әке жүрегі балаға тек мейірім мен шынайы әкелік махаббат пен қамқор береді. Сондай жанашыр әке ‒ менің әкем. Әкем маған әркез қол ұшын беріп, әрбір сөзімді, ісімді қолдап, қолпаштап отырады. Кей-кезде мен өз сырыммен бөлісемін. Мысалы, мен тоқыма түрімен әуестеніп, әлеуметтік желі арқылы өзім үйреніп алдым. Сол кезде маған сенім білдірген әкешім еді. “Қызым сенің қолыңнан келеді, тек алға” деп маған шабыт берді. Маған керек жіптерімді сатып әкеп берді.

Әкеммен ақылдаса отырып,анамның туған күніне, мереке күндері бірлесіп, сыйлық жасаймыз. Әкем маған демеушілік көрсетіп, қолдап отырады. Маған әркез бала деген балалық шағында құмары қанғанша ойын ойнау керек дейді. Өйткені бала болып, ойынды көп ойнасақ, біздің ой-өрісіміз дамиды деп түсінемін.

Ал ана жайлы ойымды айтып тауыса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген. Ана ‒ дара тұлға. Ана ‒ ақылшым, ана ‒ бар асылым. Ана алдындағы борышымызды ешқашан өтей алмаймыз. Ана ол баласына қамқор, жанашыр адам. Анам мектепте мұғалім болса, үйде нағыз ана қызметін атқарады. Анашым үйде әрбір баласына көңіл бөліп, бабын таба біледі. Анам менің балаларым көп деп айтып отырады. Өйткені білім нәрімен сусындатқан әрбір шәкіртін өз балам деп қабылдайды. Мектепте барлық бала анамды жақсы көреді. Өйткені ол кісі балаларға мейірім мен махаббатын еш аямайды. Менің анам ‒ алтын адам деп айта аламын. Анашым ‒ бар асылым, кемеңгерім. Мен анашымды ешқашан ренжіткім келмейді. Көңіліне қаяу түсірсем, ол кісі мұңаяды деп ойлаймын. Сондықтан анашымның езуінен күлкі тыйылмаса деймін. Ата-анам ауырмасын деп күнде тілеймін. Өйткені ана жүрегі өте нәзік. Сол нәзік жүректі жараламай, аялай білу керек деп ойлаймын. Менің үлкен аға-әпкелерім ата-анамызға бар мейіріммен қарайды. Олар ата-анамызды ренжітпейді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп, үлкендерге көмектескісі келеді. Анамызға қыздар үй шаруасында көмек көрсетеміз. Ал әкемізге ағаларым көмектесіп, шаруашылықпен айналысады. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.

Ата-ана біздің баға жетпес байлығымыз. Сол байлықтың ортамызда әрқашан жүргенін тілеймін. Әрбір бала өз ата-анасымен бақытты. Сондықтан жер бетіндегі балалардың ата-аналары аман болсын деп тілеймін. Ешбір бала жыламаса екен. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деген өлең жолдарында айтылғандай, ана көңілі босамаса, аналар аман болады.

Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау ‒ өз болашағыңды сақтау. Өмірде өз ата-анаңның орны ерекше деп білемін. Сондықтан біз үшін ерекше, дара тұлғаларымыз аман болсын. Қорыта айтқанда, барлық адам ата-ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, олардың бақытты болуын ойлау керек. Ата-ана ‒ бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Себебі ең бақытты адам ‒ ата-анасы бар адам.

Жансая НЫСАНАЛЫ,

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!