Оралда зейнеткерді өлтірген төрт баланың анасы сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«35 жастағы Аида Жалғасова сотта отыр. Әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Кісі өлтіру» және ҚР ҚК-нің 192-бабы «Тұрғын үйге заңсыз кіру арқылы тонау» бойынша кінәлі деп танылды. Оған 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеуге сотталды. Аида Жалғасова сот залында қамауға алынды. Үкімді қазылар алқасы шығарды», – делінген хабарламада.

Наурыздың 9-ы күні Зачаганск кентіндегі үйден зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар 72 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Сырғалар мен неке жүзігі ұрланған.

Басылым сәуір айында күдікті Жалғасованың үйінен қанды киім, пышақ және басқа да айғақ заттар табылғанын атап өтті. Кейін оралдық заңгер істегі сәйкессіздіктерді алға тартып, полиция қате күдіктіні ұстағанын айтты. 2022 жылдың тамыз айында зейнеткерді өлтірді деген күдікті тергеу изоляторында төртінші баласын дүниеге әкелді. Әйелдің бұлтартпау шарасы өзгертіліп, үйқамаққа алынды.

«Біз соттың бұл шешімімен түбегейлі келіспейміз. Бұл қылмыстық іс қолданыстағы заңды толығымен бұзу болғандықтан, біз оған шағымданамыз. Прокуратура бұл заң бұзушылықтарға мүлдем әрекет етпеді» – деді сотталушының адвокаты Арман Әбдірашит.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!