Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаевтың төрағалығымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын талқылауға арналған актив отырысы өтті.

Актив отырысына зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, қаланың еңбек ардагерлері, кент, ауылдық округ әкімдері, сала басшылары, құқық қорғау органдары, Үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, БАҚ өкілдері, білім, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, кәсіпкерлер және жастар қатысты.

Жиынды шаһар басшысы Ғанибек Қазантаев ашып, жүргізіп отырды. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған бес тараудан тұратын міндеттер, еліміздің бұған дейінгі жетістіктері мен табыстарын еселейтін, қажеттіліктер мен сұраныстарды қанағаттандыратын негізгі қоғамдағы біздің мемлекетімізді алға жетелейтінбағдарламалық құжат. Елбасының бастамасымен қалыптасқан игі дәстүр, Еліміздің стратегиялық даму жолының негізгі темірқазығы. Мемлекет басшысы бұл Жолдауында пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамыту, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, сапалы біліммен қамту, өңірлік саясатты жетілдіру, адам құқығын қорғау бағытындағы бастамалары бойынша тұрақтылық пен сенім, ел экономикасының қарқынын одан әрі күшейтуге, халықтың тұрмысын жақсартуға негіз болатын, межеленген мақсаттарды жүзеге асыру үшін нақты міндеттерді айқындап берді.

Идеологиялық актив барысында қала әкімі Ғанибек Қонысбекұлы Қызылорданың қарқынды дамуы және қолдауды қажет ететін салалар туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, «Жаңа жағдайдағы экономиканы әртараптандыру және жетілдіру шаралары» тақырыбында қалалықэкономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы  Гүлнәр Баймаханова,«Денсаулық саласындағы медициналық инфрақұрылымды дамыту – ұлт саулығының кепілі» тақырыбында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысыСәбит Пазылов«Ұлттың ұйысуы – береке бастауы» атты тақырыбында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысыМұхтар Ниязов, «Саналы ұрпақ – сапалы білім»бойынша Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназияның директоры Данабек Әбдірайымов және «Шағын және орта бизнесті дамыту ел болашағының кепілі» тақырыбында қаламыздың жас кәсіпкері Дәулет Ізбасарұлы сөз алып, Жолдаудың бағыттары талқыланып, алдағы жоспарлар сараланды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!