Алматыда есірткі сатушы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдікті сағат 3:30-дарда Алматы қаласының тұрғын алабында ұсталды. Боран-082 патрульдік экипажы Ақсай ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің ауласында ер адамды байқап қалды. Ол полиция қызметкерлерінен тығылуға тырысты.

“Патруль қызметкерлері күдікті адамды ұстады. Ол өзімен бірге есірткі бар екендігін мойындады. Әуезов аудандық ПБ-ның тергеу-жедел тобы ұсталған азаматты жеке тінту барысында ұнтақты заты бар 80 дана полиэтилен орамын тәркіледі”, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Бауыржан Хантеміров.

Командирдің айтуынша, онда “жылдамдық” атты синтетикалық есірткі заты бар. Сондай-ақ, ол қала бойынша шөпті таратқан.

Қазіргі уақытта тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптама тағайындалды. Жедел бөлімшелер қалаға есірткінің жеткізілу арнасын және таралу географиясын анықтайды.  Бұл дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бойынша сотқа дейінгі тергеудің тізіміне тіркелді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!