1) Нотариат куәландырған мәмілеге негізделген міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алуға: нотариат куәландырған шарттың (келісімнің) төлнұсқа данасы не оның телнұсқасы (ақшаны қарызға aлу шартын қоспағанда);
2) Орындау мерзімі басталған және міндеттемені орындамау борышкер деп танылатын, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу тәртібімен өндіріп алушыға жіберілген наразылыққа жауап ретінде, жазбаша мәмілеге негізделген міндеттеме бойынша берешекті өндіру үшін:
Төлнұсқа шарттар (сатып алу-сату, жеткізу, мердігерлік, тасымалдау, қызметтерді өтеулі көрсету, сақтау және т.б.);
Шарттар бойынша (тауарға ілеспе құжаттар, тауар-көліктік жүкқұжат, тауар жүкқұжаты, жүк жүкқұжаты, коносамент немесе өзге де құжат) берешекті төлеу жөніндегі борышкердің міндеті туындағанын растайтын құжаттар, екі тарап та қол қойған мүлікті (тауарды) беру туралы құжатты (қабылдау-тапсыру туралы акт, мүлікті (тауарды) беру туралы акт, мүлікті (тауарды) саны мен сапасы бойынша қабылдау туралы акт), екі тарап қол қойған атқарылған жұмыстарды (көрсетілген қызметтерді) қабылдауды куәландыратын құжат (атқарылған жұмыстарды (көрсетілген қызметтерді) қабылдау және басқалар), заказ-наряд, шот-фактура және т.б.;
Борышкердің берешек сомасын жазбаша тануын растайтын құжаттар (өндіріп алушы мен борышкер қол қойған және мөрлермен (олар болған жағдайда) бекітілген есеп айырысуларды салыстыру актісі, борышкер ақша қаражатын төлеу жөніндегі міндеттемені, акцептелген төлем талабын немесе заңнама талаптарына сәйкес ресімделген және уәкілетті тұлға қол қойған өзге де құжатты мойындайтын талапқа жауап);
3) Нотариус жасаған төленбеген төлем, акцептелмеген және сауалнамаға күн қоймау векселінің наразылығына негізделген міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алуға: төлнұсқа вексель және нотариус жасаған төленбеген төлем, акцептелмеген және акцептке қол қойылмаған құжаттар;
4) Лизинг шартына немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лизинг нысанасын талап ету үшін:
лизинг шарты;
лизинг алушыға өтініш бергенге дейін кемінде бір ай бұрын жіберілген лизинг нысанасын талап ету мүмкіндігі туралы жазбаша ескерту;
лизинг алушының лизинг төлемдерін нақты төлегенін растайтын құжаттар табыс етіледі.
Лизинг беруші «Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес мынадай жағдайларда лизинг нысанасын даусыз талап етуге құқылы:
Егер лизинг алушының лизинг нысанасын пайдалануы лизинг шартының талаптарына немесе лизинг нысанасының мақсатына сәйкес келмесе;
Егер лизинг алушы лизинг берушінің лизинг нысанасына қол жеткізуін шектесе;
Егер лизинг алушы шартта көзделген мерзімде қатарынан екі және одан да көп рет лизинг шарты бойынша лизинг төлемін белгіленген көлемде төлемесе;
5) ломбард ұсынған кредитті қайтару мерзімі өткеннен кейін кепіл нысанасын өндіріп алу үшін борышкерге-кепіл берушіге кепілдік билеті ұсынылады;
6) қосымша шығыстарды өндіріп алу туралы талаптарды қоспағанда, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға міндетті шығыстарға қатысуға жалтаратын, үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алу үшін:
өндіріп алушы куәландырған қызмет көрсету шартының көшірмесі (егер өндіріп алушы басқарушы компания болса);
тарифтерді белгілеу туралы құжаттардың көшірмелері (хаттама, үй-жайлар (пәтерлер) иелері кооперативінің жалпы жиналысының шешімінен үзінді);
қызметтер үшін төлем бойынша берешек сомасын есептеу туралы құжат (өндіріп алушы куәландырған берешек сомасының есебімен жеке шоттың көшірмесі немесе өндіріп алушы куәландырған жеке шоттан үзінді көшірме) ұсынылады.
Құжатта берешекті төлеу мерзімі туралы, төлем енгізу жөніндегі міндеттің пайда болу күні туралы, берешек сомасы туралы мәліметтер болады.
7) нақты тұтынылған көрсетілетін қызметтер (электр-, газ-, жылу-, сумен жабдықтау және басқалар) үшін жария шарттар, сондай-ақ белгіленген тарифтерге сәйкес төлеу мерзімі басталған көрсетілетін қызметтер үшін өзге шарттар негізінде берешекті өндіріп алу туралы міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алуға атқарушылық жазбаны жасау үшін:
Өндіріп алушы куәландырған жеке шарттың көшірмесі не өндіріп алушының ресми сайтында орналастырылған жария шарт (оның мазмұнымен танысу үшін), қызметтер үшін төлем бойынша берешек сомасын есептеу туралы құжат (өндіріп алушы куәландырған берешек сомасының есебімен жеке шоттың көшірмесі немесе өндіріп алушы куәландырған жеке шоттан үзінді).
Құжатта берешекті төлеу мерзімі туралы, төлем енгізу жөніндегі міндеттің пайда болу күні туралы, берешек сомасы туралы мәліметтер болады.
8) Жалға беру шартында белгіленген мерзімде төлемдерді төлемеуіне орай жалға беру төлемдерін өндіріп алу туралы міндеттеме бойынша берешекті өндіріп алуға атқарушылық жазбаны жасау үшін: жалға беру шарты, берешекті өтеу туралы наразылық ұсынылғанда жасалады.
9) Қызметкерге есептелген, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алуда атқару жазбасын жасау үшін: еңбек шартының немесе еңбек кітапшасының көшірмесі; жұмыс берушінің бірінші басшысы, бухгалтері қол қойған және ұйымның мөрімен (болған жағдайда) расталған есептелген жалақы мөлшері туралы анықтамасы, есептелген жалақының төленбеуіне дәлел (төлем ведомосының, 1-С есептік парақтың көшірмелері, кешіктіру туралы анықтама немесе т.б.) ұсынылады (Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы №31 «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» бұйрығының 223-тармағы).

Ұ.Оразгелді,
Қызылорда облысының
Әділет департаменті
басшысының орынбасары.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!