Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес, республика «сары» мен «қызыл» аймақтың шекарасында тұр.

Бүгін, 29 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан «қызыл» аймаққа жақындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

2021 жылдың 29 наурызындағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың матрицасы жарияланды.

Оған сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау және Батыс Қазақстан облыстары тұр.

«Сары» зонада: Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары.

Қалған өңірлер «жасыл» аймақта орналасқан.

Ал «сары» аймақта тұрған Қазақстан «қызыл» аймаққа жақындап қалған.

Айта кетсек, соңғы күндері Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында індет өршіп кетті. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың пікірінше, мегаполисте коронавирустың үшінші толқыны басталып жатыр.

Өткен тәулікте Қазақстанда 1 492 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. 415 науқас Алматыда, ал 346-сы елордада тіркелген.

sputnik.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!