Фото: Aikyn.kz

Қостанайда ауа райының қолайсыздығы салдарынан бірден 10 көлік соқтығысты. Зардап шеккен бір адам ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«26 желтоқсан күні сағат 11.10 кезінде Қостанайдағы Абай даңғылы бойындағы «Астықжан» сауда үйінің маңында 10 көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болды. Қазіргі уақытта оқиға орнынан бір адам медициналық мекемеге жеткізілді.  Жол-көлік оқиғасының себебі анықталып жатыр», – делінген ведомство хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!