Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы сайланды.
«Достық үйінде» өткізілген Қоғамдық кеңес отырысында Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы қызметіне Бақберген Досманбетов сайланды.
Қоғамдық кеңес төрағасы Сайлыбаев Бақытжан Әбдіқалықұлы денсаулығына байланысты төрағалықтан босатып, мүшелікте қалу өтінішіне сәйкес бірауыздан «Болашақ» университетінің ғылыми жетекшісі Бақберген Досманбетов жаңа төрағасы болып сайланды.
Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы – экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик. «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!