Қызылорда облысы Шиелі ауданы аумағында Сырдария өзені үстінен өтетін қалқымалы көпір орнынан жылжып кетті. Соның салдарынан аудан орталығы мен Қарғалы ауылы арасында жол қатынасы уақытша тоқтап қалды. Қоғамдық көліктер бүгіннен бастап Жаңақорған ауданы арқылы қатынап жатыр.

Тұрғындардың айтуынша, күн жылынғанда сең көшіп, қалқымалы көпір жылжып кететін жайттар болып тұрады. Қазір оны жағаға тартып, байлап қойыпты. Табиғи құбылыс қалыпқа келгенде көпірді орнына қоюдың қамы жасалады.
Адамдардың өміріне ешқандай қауіп төнген жоқ. Алдын ала қауіпсіздік шаралары ескерілген.

Айта кетейік, қалқымалы көпір Қызылорда облыстық автомобиль және жолаушылар басқармасына қарайды. Оның қызметін қамтамасыз ету қазіргі таңда “Еламан құрылыс” ЖШС-нің жауапкершілігінде.

Мәтін мен фотосурет: @qyzylordanews

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!