13 ақпанда 3 облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Солтүстік шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстіктен, оңтүстік шығыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ертең Оралда тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!