14 маусым – дүниежүзілік донор күніне орай  Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінің бақылаушылар қызметінің бақылаушылары облыстық қан орталығына барып, қан тапсырды.

Алдымен дәрігерлер қызметкерлердің донор болуға жарамды немесе жарамсыз екендіктерін анықтап, медициналық тексерістен өткізді. Қан қысымын, гемоглобин деңгейін және диспансерлік есепте тұратындарын анықтады. Толық тексерістен өтіп,  донор болуға дәрігер рұқсат берген қызметкерлер  мұқтаж жандарға өмір сыйлап,  сауапты іс жасады.

«Бір тамшы қан – өмірге араша»  демекші, өмірі бір тамшы қанға тәуелді қаншама жандар бар. Бір адамның берген 450мл қаны, өлім аузындағы үш адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін екенін ескерсек, қаншама науқас жанның өміріне үміт сыйлаймыз. Мекеме қызметкерлері мұқтаж жандарға қан тапсыруды игі дәстүрге айналдырған. Жылына бірнеше рет донор болатын қызметкерлеріміз де бар. Ерікті түрде қан бергеніміз  азаматтық борышымыз, мұқтаж жандарға көмегіміз»,- дейді бақылаушылар қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Ж.Әбдіқайыров.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!