№5 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде (ОРМБЖМ) самбодан балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің 2004-2005 жылдары дүниеге келген оқушылары арасында облыстық біріншілік өтті.

Жарыс нәтижесінде №1 ОРМБЖМ спортшылары бірінші, #5 ОРМБЖМ оқушылары екінші, №8 Жаңақорған ауданы ОРМБЖМ командасы үшінші орындарға ие болды.

Айта кетейік, 16-19 наурыз аралығында Қызылорда қаласы «Евразия» СК – де самбодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!