Өткен жылдың желтоқсан айында түнгі уақытта Қызылорда қаласы Махамбет ауылына қарасты кірпіш зауытынан 3 дана электрқозғалтқыш ұрланғандығы туралы арыз түскен.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен (ұрлық) тергеп-тексеру жұмыстары басталған.

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде «ізі суымай» күдікті ретінде Қызылорда қаласының 1996 және 1997 жылғы тұрғындары анықталып, ұсталды. Олар жасаған қылмыстарын толығымен мойындады.

Бұдан бөлек, тергеу барысында күдіктілер аталған қылмыстан бөлек тағы қоймаға заңсыз кіру арқылы бөтеннің мүлкін жасырын жымқырып, ұрлық қылмыс жасағаны Қызылорда қалалық полиция басқармасының тергеушісі полиция аға лейтенанты Қайырбек Дауылбаевпен анықталып, аталған қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген.

Тергеу барысында күдіктілердің бірнеше рет жасаған ұрлық қылмыстық іс-әрекеттері толығымен өз дәлелін тауып, аталған іс айыптау актісімен сотқа жолданған.

Сотталушылар сот үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 2,3-тармақтарымен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!