Сырбойылық Нұрғали Ақылбеков республика бойынша үздік оқытушы атанды.

Үздіктерді анықтайтын байқауға еліміздің 73 оқу орынан 623 оқытушы қатысты. Байқау пандемияға байланысты онлайн форматта өтті. Әр өңірдің үздіктері 3 кезең бойынша педагогикалық және ғылыми шеберлігін шыңдады.

«Қорқыт ата атындағы университетінде физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісімін. Бұндай байқауға алғаш рет қатысуым. Еліміз бойынша 150 оқытушы үздік деп танылды. Дода да оқытушылардың ғылыми-педагогикалық қызметі сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша бағаланды. Сондай-ақ, әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін грантқа ие болдым», – деді жас ғалым.

Бүгінде жас оқытушының 8 жылдық еңбегі Web of Science және Scopusтың басылымдарына жарияланды. Яғни, шетелдік, халықаралық және республикалық конференциялар мен симпозиумдардағы материалы мен баяндама тезистері, 104 ғылыми мақаласы жарық көрді.