Есірткі – әдетте есірткі анальгетиктер деп аталатын апиыны бар заттарға немесе опиодтарға жататын зиянды зат. Мұны көп адамдар жақсы біледі. Тіпті салдары неге апарып соқтыратынын біле тұра, адамдардың кейбірі бұған үйір келеді. Бұл – қоғам үшін өте қауіпті.
Меніңше, әр адам өз өмірін сақтауға және ұзартуға жауапты. Бұл ретте есірткіден саналы түрде бас тарту керек. Өйткені ол адам баласының ағзасын улайды, денсаулығын, жүйке жүйесін зақымдайды, өз-өзіне бақылау жасаудан қалады. Оған өмір бойы тәуелді болу үшін бір рет тұтыну жеткілікті болуы мүмкін. Әлемде мұндай мысалдар жиі кездеседі. Болашақ жоспарын, көздеген мақсатын жоғалтқан адамдар қаншама?! Олардың өмірі кейінгі буынға сабақ болуға тиіс.
Көбінесе ата-анасының назарынан тыс қалған жасөспірімдер нашақорлыққа шалдығады, алайда бұл пікір ересек адамдар мұның санатында жоқ дегенді білдірмейді. Түптеп келгенде, нашақорлық жеке адамның емес, қоғамның мәселесі.
Қадірлі дос, болашағыңды ойла! Өз өмірің – өз қолыңда! Саламатты өмір салтын ұстану – өз болашағың үшін маңызды. Сен – қоғамның бір бөлшегісің. Сенің саулығың қоғам саулығына үлес қосады.

Жауқазын ӘБЕН,
№27 орта мектептің
9 сынып оқушысы,
Қармақшы ауданы