Қызылорда қаласының №2 сотында 2020 жылдың қорытындысымен сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысы туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен онлайн режимде баспасөз конференциясы өткізілді.

Баспасөз конференциясын Қызылорда қаласының №2 сотының төраға міндетін атқарушы Б.Жаңабаев жүргізді.

Іс-шараға «Qyzylorda» телеларнасы, жергілікті «Ақмешіт ақшамы», «Сыр дидары» газеттерінің тілшілері қатысты.

Өз сөзінде төраға міндетін атқарушы Б.Жаңабаев статистикалық мәліметтерге тоқталып, 2020 жылдың 12 айында 664 іс 734 адамға қатысты қылмыстық істер түскенін, оның ішінде қылмыс санаты 428 іс, ал теріс қылық бойынша 236 іс, жекеше айыптау тәртібімен өндіріске қабылданып қозғалғаны 7 іс, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы 4 іс 4 адамға түскендігі жөнінде айтып өтті.

Сонымен қатар, сот өндірісінде 649 іс 706 адамға қатысты қаралған. Оның ішінде үкім қабылданғаны 494 іс, сотталғаны 525 адам, ақталғаны 4 адам, өндірістен тоқтатылғаны 81 іс 85 адамға, жәбірленушімен татуласуға байланысты 77 іс, медиация қолданылғаны 48 іс.

Сот процестері бейнеконференцбайланыс, «TrueConf» «Zoom» арқылы қаралғанын, сондай-ақ онлайн тәртібінде қаралу тиімді екенін айтып өтті.

Жиын соңында төраға міндетін атқарушы қатысушыларға алғысын білдіріп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.

Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!