Биыл бюджеттік тәртіпті сақтау мен қаржылық процестерді оңтайлы басқаруда бірқатар маңызды қадамдар жасалды. Нәтижесінде аймақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтары едәуір төмендеген.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйым­дас­тыруымен өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен нөлдік төзбеушілікті қалып­тастыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мәселен, осы мақсатта жыл басынан бері 8 айда 937 іс-шара өткізіліп, 487 мыңнан аса азамат қамтылған. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам белсенділері, арнайы мониторинг топ және «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсе мүшелерінің қатысуымен 5 шара ұйымдастырған.

«Департамент кә­сіпкерлер мен инвесторлардың жобаларын сыбайлас жемқорлық әрекеттерден қорғауға барлық шаралар қабылдануда. Осы орайда «Protecting bussines and investments» жобасы аясында инвесторлардың жалпы құны 556,4 млрд теңгені құрайтын 24 инвестициялық жобасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынған», – де ді өңірлік коммуникациялар қызме­тінде өткен баспасөз конференциясында облыстық департамент басшысының міндетін уақытша атқарушы Руслан Яғмусов.

Айта кетерлігі, мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлескен алдын алу жұмыс­тарының нәтижесінде облыста жемқорлық деректері біршама азайған.

Ерсін ШАМШАДИН

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!