Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі мақсаты-еліміздің Конституциялық жүйесіне және Қазақстан азаматтарының құқықтарына нұқсан келтірмеу. Ең қауіптісі-сыбайлас жемқорлық   демократияның дамуына және қоғамға кері әсер ете отырып, заңға деген көзқарасты кері қалыптастырады.Сыбайлас жемқорлық заңсыз түрде ақша алу, қымбат зат немесе заңсыз көмек алу, лауазымдық жағдайды пайдаланып пайда табу сияқты жолдармен жасалады.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық  мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

Сыбайлас-жемқорлықтың ең қауіпті түрі-парақорлық. Парқорлық, жемқорлық – бұл өз мүддесін ғана ойлап, заңды айналып өтіп, материалдық және заңдылық артықшылықтарын иелену.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу  Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай қайсысын да қатты алаңдататыны мәлім. Сыбайлас жемқорлықтың зардаптарының бірі демократияның дамуына және қоғамға кері әсер ете отырып, заңға деген көзқарасты кері қалыптастырады.

Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының нысанасы екі негізгі мақсатқа бағытталған: бірінші-кішкентай кезінен бастап, ұлттық дәстүрлерді ескере отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру; екінші-мемлекеттік органдар қызметін қоғамдық бақылауды дамыту.     

Қоғамның қабілеттілігі, оның ішінде біздің жастарды бақылау, мемлекеттік шенеуніктердің жемқорлық әрекеттерін анықтау және болдырмау жергілікті мәселелерді зерттеудің арқасында  артады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігері қажет.

Қ.Задаев,

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының

бас маманы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!