“Сотталған азаматтар арасында азаптауға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері” атты тақырыпта сотталғандар арасында психологиялық тренинг өтті.
Азаптауға қарсы іс-қимылдың проблемалық аспектілерін талқылауды мақсат тұтқан іс-шараны Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 68 мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие, әлеуметтік психологиялық жұмыс жөніндегі тобының маманы, психолог инспекторы Сүлеймен Омарбек пен әділет капитаны Мырзалы Айзат ұйымдастырды. Өткізілген тренингтің ерекшелігі тест тапсыру жолымен өткізілді. Сондай-ақ сабақ барысында сотталған азаматтың құқықтары, ұлттық мүдесінің қорғалуы, сотталғандардың жеке ісі бойынша құжаттамамен жұмыс жасау, мекеменін тұрмыстық жағдайы, т.б. ережелері түсіндірілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!