Бүгін Жаңақорған аудандық жастар ресурстық орталығында аудандық пробация қызметі мен жастар ресустық орталығы мамандарының қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге пробация есебінде тұратын 29 жасқа дейінгі сотталған азаматтар қатысты. Кездесу барысында пробация қызметі мен жастар ресустық орталығының бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, алдағы орындалатын жұмыстар пысықталды.

Сонымен қоса кездесуде пробация қызметінде есепте тұрған жастарды қоғамға бейімдеп, олардың жұмыспен қамтылуы, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетілуі мен өзге де көмекті ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Жиын соңында орталықтың директоры Н.Орынбасаров есептегі жастардың арасынан А. есімді азаматты волонтерлік топ жетекшісі етіп, сыйлыққа волонтер футболкасын табыстады.

«Мені жаза басып, жаңылған азамат деп бөлмей, үлкен жауапкершілік жүктегеніне орталық директорына ризамын. Аудандағы сауапты істерге өз үлесімді қосып, мұқтаж жандарға қолымнан келгенше көмек көрсетуге дайынмын», – деді ол.