Digital art – әр түрлі графикалық редакторлар мен басқа компьютерлік бағдарламаларды қолданыла отырып жасалған суретшілердің туындыларын атайды.

Цифрлық өнер – жалпы өнерге деген жаңа көзқарас. Компьютерлік технологиялардың көмегімен суретшілер цифрлық туындылар жасайды. Цифрлық өнер жалпы қабылданған өнер тұжырымдамасынан ерекшеленді – әдетте суретші туындылары электронды түрде сақталады. Дәстүрлі суретші құралдарының орнына компьютерлік имитациясын қолдану арқылы кез келген цифрлық модельдерді құруға болады.

Digital art түрлері өте көп. Солардың бірі – Digital Painting. 3D Art деп аталатын бағыт түрі бар, яғни графикалық редакторлар мен бағдарламалар көмегімен үш өлшемді виртуалды кеңістік жасалатын суреттер туралы айтуға болады. Мысалы, мен салған әнші Димаш Құдайберген, әнші Али Оқапов, әнші Азамат Ашмакын (ACE Ninety One) суреттері Hyper Realistic 3D Digital Paintings бағытында салынған.

Балауса Алдабергенова,

№107 орта мектептің 11-сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!