Жайындар туралы көп зерттеген орыс ғалымы Лев Семенұлы Берег, ол 1896-1902 жылдары Арал қаласындағы балық шаруашылығында бақылаушы инспектор болып қызмет істеген, 1908 жылы «Арал теңізі» деген тақырыпта докторлық дессертация қорғаған. Осы, Л.Берег жайындар Сырдарияның төменгі ағысы мен Әмударияның Зарафшанға дейінгі аймақта ғана кездеседі деген дерек қалдырған. Дарияның Арал теңізіне құяр сағасында көктемгі кезде жайындар тізбектеліп бақалар мен ұсақ балықтарды жұту үшін жататын еді деген қызықты деректі келтіреді.

1905 жылы Санкт-Петербург қаласынан жарық көрген «Түркістан өңірінің балықтары» деген кітабында Перовскіде ауланған жайындарының әрқайсысының салмағы 12 пұт (192 кг) екндігін жазған. Сол кезде Қазалы уездіне қарасты Қаракөл мен Қамыстыбас көлінен жылына 15 мың пұт (240 мың тонна) жайын ауланғанын, оның әр пұтына 75 тиын төленгенің айтқан. Л.Берег адам жейтін жайындар туралы да мәлімет келтірмеген. Алайда, Арал өңірінде жайындардың адамға шабуыл жасағанын А.К.Рейнс өзінің 1866 жылы жарық көрген «Түркістанға саяхат» деген күнделік-жазбаларында жазып қалдырған. А.К.Рейнс Бас штабтың ғылыми зерттеулер жөніндегі ерекше тапсырмалар орындаушысы болып 1865 жылдан бастап істеген.

Ол өз күнделігінде: «№ 1 Қазалы фортына келгенде күн ыстығына шыдай алмай суға түспекші болғанымда қасымдағы полицей өзенде адам жейтін үлкен жайындар бар деп суға түспеуге кеңес берді. Сырдарияда 300-400 кгболатын жайындар адамға шабуыл жасағанын көрдім. Самар полкінің солдаттары суға түсіп жатқанда бір унтер-офицер бар даусымен бақырды. Екі солдат қолынан тартпақшы болғанда одан да бетер жан дауысы шығып, тартпаңдар деп жалынды. Байқасақ үлкен жайын оны белінен тістеп тұр екен. Бейшараға ешкім көмектесе алмай қалды, бірнеше күн өткен соң әлгі офицердің өлі денесі Қазалы қаласы маңынан табылғанда жайындар бір аяғын жайын беліне дейін жұтып қойыпты.

Ихтиология мамандары жайынның тістері өте майда сондықтан жемтігін су түбіне апарып ісінген соң ғана жұтуға шамасы келеді дейді». Арал-Сырдария облыстық инспекциясының мамандары қазіргі кезде ондай ірі жайындар қалмаған дейді. Сыр өңірінде жылан балық, камбала, сазан, шортан т б. 30 астам балықтардың ішіндегі ең ірісі жайын дейді. Соңғы рет Шиелі ауданындағы Иіркөлден салмағы 100 кг асатын жайын ауланған.Арал мен Қазалы және Атырау қазақтардың сүйікті асы жайын балығынан жасалған қарма десем де болады. Қарманы әсіресе үлкен адамдар жақсы көреді, себебі тез сіңілімдігіне қарай олар асқазанға күш түсірмейді. Сондықтан үлкендер жағы «Жайын балық емес, екінші ет қой» деп әділ бағасын беріп қойған.Кей жерлерде жайын етін жемейтін себебі жайындар суға кетіп өлген мал не адам денесі ісініп кетіп жұмсақ болғасын жейтінін білгендіктен….Жайын туралы көп аңыз-әңгімелер де бар. Соның бірі, моңғол жаулап алушылары Сырдың төменгі ағысына келіп табан тірегенде дария жиегінде иін-ағашпен су тасып келе жатқан қызды көрген, моңғол қолбасшысы ұстап әкелуге бұйрық береді.

Қыз судағы алып жайынға мініп дарияның арғы бетіне шығып құтылып кетеді. Бұған ашуланған моңғол қолбасшысы жайындарды найзамен түйреп қыруға бұйрық береді. Ертеңіне ұйқыдан тұрғанда жайындарды қырғандардың барлығы қан құсып өлгенін көреді. Моңғолдар Сырдың төменгі ағысындағы елге тиіспей шегініп кеткен екен. Содан бастап жайынды киелі деп есептеп етін жеуді доғарыпты деген аңыз бар. Қазір де жайынның етін жемейтін қазақтар бар, олар қарма деген қандай ас екенің білмейді.

Бақытжан Абдул-Түменбаев тарихшы,

журналист-дайджест

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!