Фото: t.me/ortcom_kz

ТЖМ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері тұрғын үй мен аумақтарда дезинфекциялау жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында су басқан 97 үйде, Атырау облысының Құлсары қаласы мен Жылыой ауданында екі көпқабатты тұрғын үй мен аумақтарда дезинфекциялау жүргізілді.

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласы маңындағы аумақтарда жалпы ауданы 65 гектар су басқан аумақтарда дезинфекциялау жүргізілді, – деді ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында өткен брифингте.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!