Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігінде Отан қорғаушы күні мерекесі атап өтілді. Еліміздің амандығы қан майданда күрескен айбынды ардагерлерімізге құрмет көрсетілді. Бұл туралы Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні – рухы жағынан бір-бірін толықтыратын, ұрпаққа сабақ болатын қос тарихи күндер. Кешегі жау оғынан қорғаған майдангерлер, тыл еңбеккерлері және бейбіт заман батырларының ерліктерін ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз! – деді ішкі істер министрі Ержан Саденов.

Айтулы күні Ұлы Отан соғысының ардагері Құрмат Рахимов «Құрмет» орденімен марапатталды. Сұрапыл соғыста табандылығымен елді жаудан қорғаған ақсақал бүгінде 100 жасқа толып отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!