Сайлау науқаны жақындап келеді. Кандидаттар талапқа сай өзінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынып, дайындықты бастап кетті. Облыста өтетін депутаттар сайлауына белсенді қатысатындардың қатарында байқаушылар тобы да бар.

Осы орайда байқаушыны науқанға дайындап, іріктейтін “Бақыла” қоғамдық қозғалысының мобильді кураторы Нұрболат Қонқабаевпен сұқбаттасқан едік.

– Сайлау – саяси науқан. Байқаушылардың белсенді болуы, бейжай қарамауы соны білдіреді. Жалпы байқаушының міндетіне не кіреді?

Байқаушыларды «Байқаушы күнделігіне» сәйкес дайындаймыз. Биылғы науқанға байқаушы болуға көбіне жастарды іріктеуге тырыстық.

Қазақстан Республикасы саяси партияларының, өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдарының байқаушылары:
1) жеке басы мен өкілеттігін куәландыратын құжаттарын өздерімен алып жүруге;
2) сайлау процесіне, сайлау комиссиясының дауыстарды санау және шешімдерді қабылдау рәсіміне араласпауға;
3) сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамауға;
4) сайлау учаскесінде сайлау комиссиясы төрағасының тиісті сайлау комиссиясы белгілеген тәртіп ережелерін сақтау жөніндегі талаптарын орындауға;
5) өз ескертулерін құжатталған, шынайы және тексеруге болатын фактілермен негіздеуге;
6) Қазақстан Республикасының осы Конституциялық заңының және өзге де заңнамасының талаптарын сақтауға;
7) алаламауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық бермеуге міндетті.

– Биылғы сайлауға қанша байқаушы қатысады?

200-ден астам үміткерден Қызылорда қаласы бойынша 99 ашық сайлау учаскесіне 99 байқаушы қабыладық. Алдағы уақытта 19 наурыз күні саяси науқанға толық қатысып, белсенділік танытатын болады.

 Байқаушының міндетіне мән бермейтін, маңызын түсінбейтіндер бар. Алайда халықтың дауыс беруі, ел болашағы үшін жасалатын маңызды қадамның басынан аяғына дейін болатын – байқаушылар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!