Қазақстандағы танымал Olimpbet букмекері Қызылордалық «Қайсар» футбол клубымен үш жыл мерзімге екі жақты демеушілік келісімшарт жасағаны туралы хабарлады. Бұл ынтымақтастық компания тарапынан қазақстандық кәсіби спортқа қолдау көрсету саясатын жағастыруы себебінен мүмкін болды.

Olimpbet клуб басшылығы алға қойып отырған мақсаттардың өршілдігін, даму жоспарының нақтылығын атай кетіп, оларды қолдауға дайын екенін атап өтті.

«Бізге «Қайсармен» олардың 55 жылдық мерейтойлары тұсында ұзақ мерзімді келісім жасау үлкен қуаныш сыйлайды! Біз осы аймақтағы футбол дәстүрінің кең таралған даңқы туралы хабардармыз және де ең маңыздысы бізде енді Қызылордада стратегиялық серіктес бар», – деді Olimpbet даму бойынша директоры Константин Гусев.

«Olimpbet отандық клубтармен жұмыс жасауда үлкен тәжірибесі бар, енді жаңа серіктесімізге фанаттық қауымдастықпен жұмыс және даму тұрғысынан қуана көмектесетін боламыз. Өзара ынтымақтастық жолдар ішінде «Қайсар» үлкен жетістіктерге жетеді деп сенеміз», – деді Olimpbet спорт және арнайы жоба бойынша директоры Артем Белов.

Фотода: Olimpbet спорт және арнайы жоба бойынша директоры Артем Белов

«Қайсар» ФК директоры Садық Мұстафа бұл ынтымақтастықтың аса маңызды екендігін атап өтті. Оның айтуы бойынша клубтың алдағы жоспары орасан зор және сенімді серіктес тарапынан дәл осы сәтте қолдаудың болуы аса маңызды.

«Мен olimpbet сияқты беделді қазақстандық букмекердің біздің футбол клубының бас серіктесі болғанына өте қуаныштымын. «Қайсардың» әр ойынында ерекше атмосфера болуы керек. Демеушінің қолдауының арқасында біз жанкүйерлер қозғалысын күшейте аламыз, танымал орындаушыларды матчтарға шақырып, ұтыс ойындарын өткізе аламыз және басқа да бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндігіміз болады», – деді Садық Мұстафа.

Фотода: Садық Мұстафа, «Кайсар» ФК директоры

________________________________________________________________________________________________________________

АНЫҚТАМА

Olimpbet – № 1 қазақстандық ұлттық букмекерлік кеңсе. Компания спорттың маңыздылығын түсінеді, спорттық қоғамды нығайтуға инвестиция салады және жетекші федерациялармен, клубтармен және спортшылармен демеушілік келісімшарттар жасайды.

Olimpbet клиенттердің сенімін бағалайды және олардың мүдделерін бірінші орынға қояды. Еліміздің ең танымал букмекері үшін қазақстандықтардың қауіпсіз және салауатты ортада ойыннан ләззат алуы маңызды. Сондықтан компания өз қызметінің барлық аспектілеріне жауапты ойын принциптерін енгізеді.

«Қазақстандағы Жыл таңдауы 2022» марапаттау рәсімінде Olimpbet «№ 1 спорттағы әлеуметтік жауапты компания» атағына ие болды. Сонымен қатар, Olimpbet ұсынған «Бонус клубы» бейілдік бағдарламасы беттингте үздік деп танылды.

Olimpbet индустрияның танылған көшбасшысы, «Қазақстанның үздік букмекері» номинациясы бойынша «БР 2022 сыйлығы» лауреаты және «Қазақстандағы Жыл таңдауы 2022» марапаттау рәсімінде «№ 1 букмекерлік кеңсе» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

 «Қайсар» – Қызылорданың қазақстандық футбол клубы. Қазақстан Кубогының екі дүркін иегері (1998/99, 2019), Қазақстан кубогының финалисті: 1997/98, Бірінші лиганың төрт дүркін жеңімпазы (1995, 2005, 2012-2013, 2016). Матчтар Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионда өтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!