2 шілдеде миллиондаған жанкүйердің жүрегін жаулаған «Qazaqstan Barysy» турнирінің 12-финалы өтеді деп хабарлады turkystan.kz.

Дүбірлі додада 41 балуан белдеседі. Барлығы да жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар. Олар өз аймақтарында өткен іріктеу кезеңінде үздік нәтиже көрсетті. Сондай-ақ, әскер барысының 2 жүлдегері бар. Жарыстың жүлде қоры 40 миллион теңге. Жауырыны жерге тимеген балуан 25 миллион теңгені қанжығасына байлайды. Ал боз кілемдегі бәсекенің әділ өтуін 8 төреші қадағалайды.

 «Біздің ең басты мақсат – қазақ күресін Олимпиада бағдарламасына кіргізу. Халықаралық деңгейге шығару үшін, ұлттық спортымызды насихаттап, дәріптеп келе жатырмыз», – дейді «QAZAQSTAN BARYSY» қазақ күресін қолдау және дамыту қорының ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!