Фото: Никита Басов, Қазақстан ҰОК
Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында жағажай волейболынан топтық кезең ойындары жалғасып жатыр, деп жазады KAZINFORM
ҚР ҰОК мәліметінше, кезекті матчтарда Қазақстанның ерлер құрамалары сәтті өнер көрсетті.
Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад Малайзия өкілдері – Мухаммад Исма Хазик Бин Исмаил мен Ен Джен Тан жұбынан басым түсті. Кездесу 2:0 есебімен аяқталды (21:12, 21:13).
Ал Сергей Богату мен Кирилл Гурин Бангладеш спортшылары Хоросита Бисвас пен Шихаб Ахмедті жеңді. Ойын екі партияға созылып, 2:0 есебімен (21:15, 21:14) аяқталды.
Айта кетейік, қазақстандық жағажай волейболшылары әзірге бірде-бір рет жеңілген жоқ. Богату мен Гурин үш ойынның үшеуінде де жеңіске жетсе, Яковлев пен Мохаммад екі матчта да қарсыластарынан басым түсті.
Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!