Фото: olympic.kz
Қазақстандық биатлоншы Никита Акимов Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Универсиадада алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Никита Акимов ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринтте үздік атанды.
Мәреге екінші болып швед Кнут Векстрем жетсе, үшінші орынды украиналық Богдан Борковский иеленді.
Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының еншісіндегі үшінші алтын медаль. Бұған дейін могулшы Анастасия Городко Универсиадада екі рет жеңімпаз атанып, ел қоржынына екі алтын медаль салған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!