Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі кеше қаладағы көпқабатты үйдің 3-қабатынан 70 жастағы қарияның құтқарылғанын хабарлады.

Қалалық полиция басқармасының 102 арнасына сағат 14:00 шамасында «Нұрсая» шағынауданындағы көпқабатты үйдің 3-қабатында егде жастағы ер адамның ілініп тұрғаны туралы хабар түскен. Содан аталған мекен-жайға учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитаны Серік Жұмырғожиев пен полиция лейтенанты Аслан Аманғалиев жедел жеткен.

Полиция инспекторлары 3-қабатта тұрған 70 жастағы ер адамды құтқарып қалды, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Кейін тәртіп сақшылары оның көпқабатты үйдің 3-қабатындағы пәтерінде кілттеніп қалғанын анықтады.

https://halyq-uni.kz/