Испания Ла Лигасының 35-турында «Барселона» футбол клубы өз алаңында «Реал Мадридті» қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Матчта «Барселона» 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ойынның 9-минутында алаң иелері сапынан Маркус Рэшфорд есеп ашса, ал 18-минутта Ферран Торрес нәтижелі соққымен көзге түсті.
Осылайша, католондықтық клуб 91 ұпай жинап, чемпиондық атақты мерзімінен бұрын жеңіп алды. Ал «Реал Мадрид» 77 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында тұр.
Испания чемпионатының келесі турында «Барселона» сырт алаңда «Алавеспен» ойнаса, «Реал Мадрид» өз алаңында «Овьедо» командасымен кездеседі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!