Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Алматы облысында қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жолдың бір бөлігінде көлік қозғалысы шектелді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«ҚазАвтоЖол» жүк көлігі мен қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады. 

«2024 жылғы 8 желтоқсанда сағат 3.00-ден бастап Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар тасжолдың «Алма-Тау туристік орталығына кіру» 0-15 км (Тұздыбастау ауылының учаскесі – Бесқайнар ауылы) учаскесінде жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды», – делінген хабарламада.

Жол қозғалысы жоспарлы түрде 2024 жылғы 9 желтоқсанда сағат 7.00-де ашылатыны айтылды.

Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» еліміздің бірқатар аймағында ауа райы күрт нашарлап, көктайғақ, қар, тұман болуы мүмкін екенін ескерткен еді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!