«Сыр үміті» жастар қауымдастығының, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетімен бірлесе Н.Ілиясов ауылында Сырдария ауданы жастары арасында «Aqyl Battle» интеллектуалды сайысын өткізді.

Облыстық мәслихат депутаты, «Сыр үміті» жастар қауымдастығының төрағасы Мағжан Ералиев сайыс қатысушыларына сәттілік тілеп, алдағы уақытта жастардың интеллектуалды дамуын қолдау мақсатындағы шараларға тұрақты түрде қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.

Сайысқа ауданға қарасты барлық ауылдан 23 команда (әрбір командада 4 адамнан бар) қатысты. Интеллектуалды сайысқа аудан жастары белсенді түрде қатысты.

Сайыс қорытындысымен қауымдастық төрағасы Мағжан Ералиев I орынды иеленген Шаған ауылынан келген «Smart team» командасын 300 000 тг, II орын иеленген Ақжарма ауылынан келген, «Зияткер» командасын 200 000 тг, III орын иеленген А.Тоқмағамбетов ауылынан келген «Асқар жастары» командасын 100 000 тг қаржылай сыйақымен марапаттады. Мұнымен қоса әрбір қатысқан командаға арнайы сыйлықтар табыстады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!