Болмаса табыстың 3-тен 5%-ға дейінгі мөлшерінде айналым айыппұлын төлеу міндеттеледі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жеңілдетілген автонесие бағдарламасы шеңберінде көлікті өткізу кезінде қосымша жабдықтарды күштеп таңу бойынша автосалондар әрекеттерінің заңсыздығы туралы хабарлады.

«Егер аталған әрекеттер осы жабдықты жеткізуші басқа да нарық субъектілеріне залал келтірген немесе залал келтіруі мүмкін болған жағдайда, бұл монополияға қарсы заңнаманы бұзу болып табылады және 200-ден 1500 АЕК-ке дейінгі сомада айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа не субъектіні нарықта үстем жағдайға ие тану кезінде монополиялық кірісті тәркілей отырып, табыстың (түсімнің) 3-тен 5%-ға дейінгі мөлшерінде айналым айыппұлына әкеп соғады», – делінген агенттіктің хабарламасында.


 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!